Компьютеріңізге қандай да бір вирустар жұқпағанына көз жеткізіңіз. Антивирустық бағдарламаларды орнатып, белсендіріңіз, оларды үнемі жаңартып отыруға тырысыңыз. Тек антивирустық бағдарламаларды тұрақты жаңарту ғана сізге вирусты уақтылы анықтауға және оның пайда болуының алдын алуға мүмкіндік береді.
Spyware бағдарламалық жасақтамасын қадағалап, онымен күресетін бағдарламалық жасақтаманы пайдалану ұсынылады. Spyware — сіздің пернетақтада терген тізбектеріңізді есте сақтап, оларды үшінші тұлғаларға беруге тырысатын бағдарламалық жасақтама түрі.
Интернет-банкпен жұмыстың барлық кезеңінде құпиясөзді енгізу кезінде виртуалды пернетақтаны пайдалану қатаң ұсынылады. Виртуалды пернетақтаны пайдалану компьютерге Spyware бағдарламалық жасақтамасы жұққан жағдайда құпиясөздің әшкереленуін болдырмауға мүмкіндік береді.
Интернетке кірген кезде желіаралық экранды (firewall) пайдалану немесе компьютеріңізге дербес желіаралық экранды (firewall) орнату ұсынылады. Желіаралық экранды (firewall) пайдаланған кезде интернет арқылы компьютер жүйесіне рұқсатсыз кіру едәуір қиындайды немесе оның алдын алынады.
Бағдарламалық жасақтаманы (операциялық жүйелерді, қосымшаларды) тексерілген және сенімді көздерден пайдаланыңыз. Тексерілмеген көздерден бағдарламалық жасақтаманы пайдалану мен орнатудан бас тартыңыз.
Модем арқылы қосылған жағдайда, терілетін нөмірге назар аударыңыз. Нөмір сәйкес келмейтіні анықталса, сізге белгісіз нөмірді жойыңыз.
Шолғышыңызды кэштеу параметрлерінің баптаулары құпия беттердің (SSL-page) сақталуына жол бермейтіндей етіп баптаңыз.
Электрондық поштаңызды бақылаңыз, белгісіз жіберушілерден келген хабарламаларды ашпаңыз, жеке деректеріңізді бермеңіз. Электрондық пошта арқылы жіберілген күмәнді файлдарды ешқашан ашпаңыз. Банк атынан жіберілгендей болып, сізден дербес ақпарат ұсынуды сұрайтын электрондық хаттарға жауап бермеңіз. Мұндай хаттардағы сілтемелерге (тіпті банк сайтына да) ешқашан өтпеңіз, себебі олар алаяқтық сайттарға апаруы мүмкін.
Қосылатын интернет-сайттардың мекенжайларын тексеріңіз, себебі қаскөйлер алаяқтық ресурстар жасау үшін ұқсас атауларды пайдалануы мүмкін.
Мазмұны күмәнді интернет-ресурстардың қызметтерін пайдаланудан аулақ болыңыз; көбінесе олар банк карталары туралы ақпаратты алу және оны кейін заңсыз пайдалану үшін арнайы жасалады.
Сатып алуды тек өз компьютеріңізден жасаңыз, интернет-кафелерді және сіз енгізетін құпия деректерді есте сақтайтын шпион-бағдарламалар орнатылуы мүмкін басқа да қолжетімді құралдарды пайдаланбаңыз.
Туған күніңізбен немесе басқа дербес деректеріңізбен байланысты емес қарапайым емес құпиясөздерді таңдаңыз. Мүмкін болса, әріптік-сандық құпиясөздерді таңдаңыз. Құпиясөздерді жазып қоймаңыз және оларды ешкімге айтпаңыз. Егер құпиясөзіңізді ұмытып қаламын деп қорықсаңыз, оны тек өзіңізге түсінікті түрде жазып қою жүйесін ойластырыңыз (мысалы, телефон нөмірі немесе телефон кітапшасындағы мекенжай түрінде).
Банк ешқашан құпия ақпаратты ұсыну туралы өтініші бар немесе құрамында компьютерлік бағдарламалар бар электрондық хаттарды жібермейді.
Егер сіз банк атынан келген, мазмұны күмән тудыратын хат алсаңыз немесе банк атынан телефон арқылы хабарласып, қандай да бір бағдарламалық жасақтаманы орнатуды сұраса, банктің қолдау қызметіне хабарласып, жағдайды нақтылауыңызды сұраймыз. Әрқашан ресми ақпарат көздерінде көрсетілген банктің қолдау қызметтерінің байланыс ақпаратын пайдаланыңыз және алынған хатта көрсетілген немесе телефон арқылы сөйлесу барысында берілген байланыс ақпаратын пайдаланбаңыз.
Интернеттің тегін пошталық қызметтерінен (@mail.ru, @yandex.ru, @rambler.ru, @gmail.com, @yahoo.com және т.б.) жіберілген кез келген электрондық хабарламалар банк жіберген пошта болып табылмайды.
Сіз бізбен әрқашан байланысып, қажетті ақпаратты біле аласыз.
Мәскеуден қоңыраулар үшін
+7 495 723-77-77Ресей бойынша тегін
8 (800) 250-57-57