Неліктен қосымша үнемі «Операцияларды растауды» сұрайды
Қауіпсіздік мақсатында біздің банкте барлық операциялар
пайдаланушының өзі орнататын арнайы кодпен расталады. Бұл —
цифрлық қолтаңбаның баламасы, оның көмегімен пайдаланушы банкке операцияның
реквизиттерін тексергенін және өз аударымына/төлеміне сенімді екенін растайды. Сондықтан растауды қосу
процедурасынан өтіп, код жасамайынша,
төлемдерді жүзеге асыру мүмкін болмайды.
Егер код енгізу ұнамаса, растауды биометрия
(саусақ ізі немесе бетті сканерлеу), Face ID немесе Touch ID арқылы баптауға болады. Ол үшін
алдымен растау кодын орнатып, содан кейін саусақ ізі немесе бетті сканерлеу арқылы растауға
(кіруге емес!) рұқсат беру керек.
Егер растауды
баптау бойынша көмек қажет болса, қосымшадағы чатқа жазыңыз, көмектесуге тырысамыз.
Растау коды — бұл операцияларды растау үшін өзіңіз ойлап тапқан бірегей 4 таңбалы код. Бұл кездейсоқ операцияларды болдырмауға көмектесетін жеке қолтаңбаңыздың цифрлық баламасы. Кодты төлемдер мен аударымдарды растау кезінде енгізу қажет. Әдетте кодты жасау (ойлап табу) қолданбаны орнатқаннан немесе қайта орнатқаннан кейін ұсынылады. Кодты жасағаннан кейін 24 сағаттан соң пайдалануға болады.
Жаңа кодты Тағы -»
Операцияларды растау -» Растау кодын өзгерту бөлімінде жасауға болады. Сонымен қатар,
кез келген операцияны жүргізу кезінде растау кодын енгізудің 4 қате әрекетінен кейін
жаңа код жасау ұсынылады. Жаңа кодты жасалғаннан кейін 24 сағаттан соң
пайдалануға болады.
Мен растау кодын бірнеше құрылғыда пайдалана алмаймын
Иә, растау коды тек 1 құрылғыда орнатылады. Егер сіз басқа құрылғыны пайдаланып, кодты соған орнатсаңыз, онда бірінші құрылғыдағы код өшіріледі. Бұл операциялардың қауіпсіздігі үшін жасалған.
Бір реттік кілттер генераторы (ГОК) — бір реттік кілттерді жасауға (генерациялауға) арналған құрылғы. Кілтті генерациялау пайдаланушы құрылғының алдыңғы бетінде орналасқан түймені басқан кезде жүзеге асырылады. Ескірген әдіс, қазіргі уақытта оның орнына пайдаланушы тікелей мобильді банк қосымшасында енгізетін растау коды қолданылады.