Кредитті мерзімінен бұрын өтеуге бола ма және мерзімінен бұрын өтеу шарттары қандай?
Иә, болады.
Ішінара мерзімінен бұрын өтеу клиенттің орындалмаған міндеттемелері болмаған жағдайда, клиенттің жазбаша өтініші негізінде, клиенттің өтінішінде көрсетілген күні, оны жүзеге асыру үшін жеткілікті сомадағы ақша қаражаты шотта болған кезде жүзеге асырылады. Өтініште клиенттің өтеу күнін, өтеу сипатын (толық немесе ішінара) көрсете отырып, кредитті мерзімінен бұрын өтеу ниеті болуы тиіс.
Ішінара мерзімінен бұрын өтеу аннуитеттік төлемді өтеудің жоспарлы күніне байланыстырылмай, кез келген жұмыс күнінде жүзеге асырылады.
Ішінара мерзімінен бұрын өтеуді жүзеге асыру кредит бойынша ай сайынғы төлемді қамтымайды.
Несиені мерзімінен бұрын өтеу үшін комиссиялар бар ма?
Ішінара
мерзімінен бұрын өтеу/толық мерзімінен бұрын өтеу опциясы тегін.
Аударымдарды жүзеге асыру – лимиттерге сәйкес (мысалы, Жылдам төлемдер жүйесі (SBP)).
Касса арқылы ақша қаражатын енгізу – қолданыстағы тарифтерге сәйкес.