«Кэшбэкпен» кредиттік картасы бойынша жеңілдік кезеңі қалай жұмыс істейді?

«Кэшбэкпен» кредиттік картасы бойынша пайызсыз кезең — 2 ай, мұнда:

  • Бірінші ай —  қолжетімді кредиттік лимиттен ақша жұмайсыз. Яғни, кредиттік картамен күнделікті сатып алуларыңызды төлейсіз.
  • Екінші ай — өткен айда жұмсаған барлық соманы қайтарасыз.

Бұл ретте екінші айда сіз кредиттік картаны пайдалануды жалғастыра аласыз. Бұл шығындарды келесі — үшінші айда өтеу керек болады, әрі қарай осылай жалғаса береді.

Төлемнің сомасы мен мерзімі әрқашан қосымшада немесе Uralsib Online веб-нұсқасында қолжетімді.

Мысал: 1 қаңтарда сіз «Кэшбэкпен» кредиттік картасын алғаш рет пайдаланып, дүкенде 10 000 рубльге тауар сатып алдыңыз. Сатып алу үшін пайыздар есептелмеуі үшін, ақпанның соңына дейін бұл соманы шотқа толық көлемде қайтару қажет. 

Егер сіз берешекті толық өтеуге дайын болмасаңыз, ең төменгі төлемді енгізуге болады — берешек сомасының 3% мөлшерінде, ең азы 300 рубль. Мұндай жағдайда жеңілдік кезеңінің қолданылуы тоқтатылады және операциялар бойынша пайыздар есептеледі. 

Сондай-ақ пайызсыз кезең қолданылатын операциялар тізімімен танысуға кеңес береміз.

Іздеген нәрсеңізді таба алмадыңыз ба?

Сіз бізбен әрқашан байланысып, қажетті ақпаратты біле аласыз.

Мәскеуден қоңыраулар үшін

+7 495 723-77-77

Ресей бойынша тегін

8 (800) 250-57-57