Пайыздар қалай есептеледі?

Егер сізге карта бойынша берешектің бүкіл сомасын бірден өтеу ыңғайсыз болса, сіз тек ең төменгі төлемді ғана енгізе аласыз. Мұндай жағдайда жасалған операцияларға пайыздар есептеледі.

Кредиттік карта бойынша әрбір күнтізбелік ай үшін үзінді-көшірме қалыптастырылады – онда ең төменгі төлемнің мөлшері мен оны енгізу мерзімі, сондай-ақ үзінді-көшірме жасалған күндегі жалпы берешек мөлшері және оны пайызсыз өтеу мерзімі көрсетіледі. 

Егер сіз берешекті тек ең төменгі төлемдермен өтесеңіз, онда банк пайыздарды тек жеңілдіксіз операциялар бойынша ғана емес, жеңілдікті операциялар бойынша да – сатып алу күнінен кейінгі күннен бастап және берешек толық өтелген күнді қоса алғанға дейін есептейді. 

Егер сіз жалпы берешек сомасын көрсетілген мерзімде толық өтесеңіз, онда жеңілдікті операциялар сомасына пайыздар есептелмейді. Осылайша, сіз 62 күнге дейінгі мерзімге пайызсыз кредит аласыз –  бұл күнделікті есеп айырысулар үшін өте ыңғайлы.

Іздеген нәрсеңізді таба алмадыңыз ба?

Сіз бізбен әрқашан байланысып, қажетті ақпаратты біле аласыз.

Мәскеуден қоңыраулар үшін

+7 495 723-77-77

Ресей бойынша тегін

8 (800) 250-57-57