Жеңілдік кезеңі. Бұл не?

«Кэшбэкпен кредиттік карта» бойынша жеңілдікті кезең қалай жұмыс істейді?

«Кэшбэкпен кредиттік карта» бойынша жеңілдікті кезең 2 айға дейінгі мерзімге беріледі, мұнда:

  • Бірінші ай - бұл сіз берілген кредит лимиті есебінен ақша қаражатын жұмсайтын кезең. 
  • Екінші айда өткен айда жұмсаған бүкіл соманы қайтаруыңыз керек. 

Жеңілдікті кезең қолданылмайтын операциялар тізімімен сілтеме арқылы таныса аласыз.

Поделиться ответом
Кредиттеудің жеңілдік кезеңі қандай операцияларға қолданылмайды?

Кредиттеудің жеңілдік кезеңі келесі операцияларға қолданылмайды:

  • қолма-қол ақша алу және қолма-қол ақша алғаны үшін комиссиялар,
  • қолма-қол ақшасыз квази-кэш операциялары,
  • квази-кэш операциялары үшін комиссиялар,
  • картадан аударымдар - аударымдар үшін комиссиялар,
  • қашықтан банктік қызмет көрсету сервистері арқылы қолма-қол ақшасыз аударымдар.

Тиісінше, кредиттеудің жеңілдік кезеңі мына операцияларға қолданылады :     

  • карта немесе оның деректемелері арқылы тауарлар мен қызметтерге ақы төлеу,
  • қолма-қол ақша алу, квази-кэш операциялары және аударымдар үшін комиссияларды қоспағанда, банк комиссияларын төлеу.
Поделиться ответом
«Ең жоғары 120 күн» кредит картасы бойынша жеңілдікті кезең қалай жұмыс істейді?

«Ең жоғары 120 күн» кредит картасы бойынша жеңілдікті кезең 4 ай мерзімге беріледі, мұнда:

  • Алғашқы үш ай — бұл сіз берілген кредит лимиті есебінен ақша қаражатын жұмсайтын кезең. Бұл ретте әр айдың қорытындысы бойынша сізге келесі айдың соңғы жұмыс күніне дейін төлеу қажет ең төменгі төлем қалыптастырылады.
  • Төртінші ай — бұл қалған барлық соманы толық көлемде қайтару қажет ай.     

Жеңілдікті кезең қолданылмайтын операциялар тізімімен сілтеме бойынша таныса аласыз. 

Қысқаша қорытынды: жеңілдікті кезеңнің қолданылуы жалғасуы үшін ай сайын ең төменгі төлемдерді төлеп, соңғы айда берешектің қалған бөлігін өтеу қажет. 

Поделиться ответом
Жеңілдікті кредиттеу кезеңі деген не?

Пайызсыз кредиттеу кезеңі — бұл Банк карталар бойынша сатып алулар үшін пайыздар есептемейтін кезең. 

Карта түріне байланысты ол 60-тан 120 күнге дейін болуы мүмкін. Жеңілдікті кезең қолданылатын операциялар тізімімен сілтеме арқылы таныса аласыз.     

Поделиться ответом

Іздеген нәрсеңізді таба алмадыңыз ба?

Сіз бізбен әрқашан байланысып, қажетті ақпаратты біле аласыз.

Мәскеуден қоңыраулар үшін

+7 495 723-77-77

Ресей бойынша тегін

8 (800) 250-57-57