Алаяқтық операцияларды болдырмау мақсатында Uralsib Online жүйесінде 23.12.2015 бастап бір реттік парольдер жіберілетін SIM-картаның түпнұсқалығын тексеру функционалы пайдалануға енгізіледі. Аталған функционал алаяқтардың SIM-картаның телнұсқасын пайдалана отырып, сіздің шоттарыңызға қол жеткізу әрекеттерін болдырмауға мүмкіндік береді.
Үшінші тұлғаларға төлемдер мен аударымдарға мынадай шектеулер белгіленеді:
Егер сіз SIM-картаның көшірмесін алған болсаңыз (бұрын пайдаланылған картаның жоғалуына, жоғалтылуына немесе бұзылуына байланысты), лимиттер бойынша шектеуді алып тастау үшін банкінің ең жақын бөлімшесіне төлқұжатпен жүгінуіңіз қажет. Операционистер сіздің есептік жазбаңызға өзгерістер енгізеді.
Егер сіз SIM-картаның көшірмесін алмаған болсаңыз, SIM-картаның телнұсқасын бұғаттау үшін өз байланыс операторыңызға жүгінуді ұсынамыз. Немесе банк бөлімшесінде ұялы телефон нөмірін ауыстырып, бір реттік кілттер генераторын (ГОК) сатып ала аласыз.
Сіз бізбен әрқашан байланысып, қажетті ақпаратты біле аласыз.
Мәскеуден қоңыраулар үшін
+7 495 723-77-77Ресей бойынша тегін
8 (800) 250-57-57