Онлайн-банкке арналған құпиясөзіңізді қалай қорғауға болады
Келесі ережелер аккаунтыңызды қорғауға
және сенімді құпиясөз жасауға көмектеседі.
Құпиясөз 8–50 таңбадан тұруы, кемінде 1 әріп пен 1 санды қамтуы керек. Қатарынан 4 бірдей немесе тізбекті әріптерді не сандарды (1111, 1234 және т. б.), сондай-ақ танымал құпиясөздерді (12345678abcd, qwerty123, сіздің тегіңіз, логиніңіз немесе оның бір бөлігі) пайдалану қауіпсіз емес.
Онлайн-банкке арналған құпиясөзді басқа жерде қолданбаңыз.
Құрылғыларыңызда логин мен құпиясөзді автотолтыруды қоспаңыз және бұл ақпаратты телефонда немесе қағазда сақтамаңыз. Онлайн-банкке кіру үшін интернет-кафеде немесе қонақүйде орналасқан ортақ компьютерлерді, сондай-ақ кафелердегі тегін Wi‑Fi сияқты қоғамдық сымсыз желілерді пайдаланбаңыз.
Браузер арқылы интернет-банктегі жұмысты аяқтаған кезде «Шығу» түймесін басуды ұмытпаңыз.
Іздеген нәрсеңізді таба алмадыңыз ба?
Сіз бізбен әрқашан байланысып, қажетті ақпаратты біле аласыз.