Мен карта нөмірі/IBAN бойынша шетелге ақша аудара аламын ба?
Иә, Сіз Uralsib Online жүйесінде карта нөмірі немесе IBAN бойынша шетелге ақша аудара аласыз. Ақша аударуға болатын елдердің тізімімен Сіз Uralsib Online жүйесінде таныса аласыз. Елдер тізімі үнемі толықтырылып отырады. Аударым тарифтерімен сілтеме арқылы таныса аласыз.
Мен алушының Тегі, аты, әкесінің аты бойынша шетелге қолма-қол ақшамен берілетін ақша аударымын жібере аламын ба?
Иә, Сіз алушының Тегі, аты, әкесінің аты бойынша қолма-қол ақшамен берілетін ақша аударымын Uralsib Online және Банктің кассасы арқылы жібере аласыз. Ақша аударуға болатын елдердің тізімімен Сіз Uralsib Online немесе Банктің кассасы арқылы таныса аласыз. Аударым тарифтерімен сілтеме арқылы өтіп таныса аласыз.
Мен телефон нөмірі бойынша шетелге ақша аудара аламын ба?
Иә, Сіз Uralsib Online арқылы телефон нөмірі бойынша шетелге ақша аудара аласыз. Ақша аударуға болатын елдер мен банктердің тізімімен Сіз Uralsib Online арқылы таныса аласыз. Елдер мен банктер тізімі үнемі толықтырылып отырады. Аударым тарифтерімен сілтеме арқылы таныса аласыз.