Қызметті тек тұтынушылық кредитті алу сәтінде ғана рәсімдеуге болады.
Ресімделген сәттен бастап 30 күн ішінде «Svoya Stavka» қызметінен бас тарта аламын ба?
Иә, мұндай мүмкіндік бар. Назар аударыңыз, сіздің кредит шартыңыздың талаптарына сәйкес «Svoya Stavka» қызметінен бас тартқан кезде кредит бойынша пайыздық мөлшерлеме өзгереді.
Кредит бойынша пайыздық мөлшерлеме қалай төмендейді?
Барлығы сұралатын кредиттің параметрлеріне байланысты, пайыздық мөлшерлемені, сондай-ақ «Svoya Stavka» қызметінің пайдасын білу үшін сізге ыңғайлы кез келген тәсілмен жеке кредитке өтінім беріңіз. Толығырақ ақпарат тарифтерде орналастырылған.
Жеке кредитке «Своя ставка» қызметін және өмір мен денсаулықты сақтандыруды бір уақытта ресімдеуге болмайды. Алайда, кредитке еңбекке уақытша жарамсыздық; жұмыстан айырылу, дене жарақаттары тәуекелдерін қамтитын полисті ресімдеуге болады.