Лайт кредиттік картасы бойынша берешекті өтеу кезектілігі:
- негізгі борыш бойынша кредитті пайдаланғаны үшін пайыздарды төлеуге, оның ішінде бар болса, техникалық берешекті өтеуге;
- негізгі борыш бойынша берешекті төлеуге – алдымен сатып алулардан қалыптасқан, кейін қолма-қол ақша шешіп алудан, аударымдардан және квази-кэш операцияларынан қалыптасқан берешек;
- бар болса, мерзімін өткізіп алғаны үшін тұрақсыздық айыбын төлеуге.
Картаға қызмет көрсету үшін комиссия, егер қаражат жеткілікті болса, кредит лимитінен есептен шығарылатынын еске саламыз. Егер қолжетімді кредит лимиті жеткіліксіз болса, есептелген комиссия берешекке қосылады, ол оны толық өтеуге жеткілікті сома түскен бойда бірден төленуге тиіс.
Мысалы, клиент картаны 15 наурызда 20 мың рубль лимитпен алды. Клиент 25 наурызда банкоматтан 20 мың рубль сомасында қолма-қол ақша шешіп алды және кейін карта бойынша шығыс та, кіріс те операцияларын жасамады. Сәуірдегі төлем үшін 2 мың рубль сомасында ең төменгі төлем есептеледі (берешек сомасының 10%-ы) + 3, 29 руб. (наурыздағы қолма-қол ақша шешіп алғаны үшін %).
Картаға қызмет көрсету үшін комиссия наурызда 354 рубль сомасында есептелді.
Клиент 10 сәуірде 1 000 рубль енгізді.
Өтеу кезектілігі:
1. 3,29 рубль сомасындағы % өтеледі
2. 996,71 рубль негізгі борыш өтеледі. Бір мезгілде 996,71 рубльге кредит лимиті қалпына келтіріледі де, одан наурыздағы картаға қызмет көрсету үшін 354 рубль сомасындағы комиссия өтеледі.
Сіз бізбен әрқашан байланысып, қажетті ақпаратты біле аласыз.
Мәскеуден қоңыраулар үшін
+7 495 723-77-77Ресей бойынша тегін
8 (800) 250-57-57