Кредит берудің жеңілдікті кезеңі мыналарға қолданылмайды:
- қолма-қол ақша алу және қолма-қол ақша алғаны үшін комиссиялар
- картадан аударымдар және аударымдар үшін комиссиялар
- қолма-қол ақшасыз квази-кэш операциялары және олар үшін комиссиялар
- тізімге сәйкес операциялар
- қашықтан банктік қызмет көрсету сервистері арқылы қолма-қол ақшасыз аударымдар.
Тиісінше, кредит берудің жеңілдікті кезеңі мыналарға қолданылады:
- картаны немесе оның деректемелерін пайдалана отырып, тауарлар мен қызметтерге ақы төлеу
- қолма-қол ақша алу, квази-кэш операциялары және аударымдар үшін комиссияларды қоспағанда, банк комиссияларын төлеу.