Күнделікті қалдық — бұл ай бойы шотта күн сайын болған сома. Күнделікті қалдыққа пайыз есептеу сызбасы шотты жиі толықтырып, қаражатты жиі шешіп алатындар үшін әсіресе тиімді.
Мысал:
Айдың 1-і күні таңертең шоттағы қалдық 100 000₽ болды, 11-і күні сіз шотты 50 000₽-ге толықтырдыңыз, ал 22-і күні 50 000₽ шешіп алдыңыз.
Қорытындысында, 1-інен 11-іне дейінгі кезең үшін пайыздар 100 000₽ сомаға, 12-сінен 22-сіне дейін — 150 000₽ сомаға, 23-інен бастап есептік кезең аяқталғанға дейін — 100 000₽ сомаға есептеледі.
Ең төменгі қалдық — бұл әр ай ішінде шотта сақталған ақшаның ең аз сомасы.
Мысалы, егер шотыңызда 80 000₽ болса, айдың ортасында шоттан 30 000₽ шешіп алсаңыз, ал содан кейін 40 000₽-ге толықтырсаңыз, онда ағымдағы айда пайыздар 50 000₽ ең төменгі қалдыққа есептеледі.
Сіз бізбен әрқашан байланысып, қажетті ақпаратты біле аласыз.
Мәскеуден қоңыраулар үшін
+7 495 723-77-77Ресей бойынша тегін
8 (800) 250-57-57