«Мүлікті қорғау. Экспресс» бағдарламасы бойынша сақтандыру жағдайы деген не?
Қамтылатын тәуекелдер: өрт, жарылыс, найзағай түсуі, ұшу аппараттарының (сондай-ақ олардың бөлшектері мен жүктерінің) құлауы, дүлей апаттар, судың және басқа сұйықтықтардың әсерінен зақымдану, бұзып ұрлау, тонау, қарақшылық, үшінші тұлғалардың әрекеттері (бұзақылық, вандализм және т.б.). Ғимараттың / үй-жайдың конструктивтік элементтеріне, ішкі әрлеуіне, инженерлік жабдықтарына, сондай-ақ жабдыққа, жиһазға, электроника мен кеңсе техникасына, тауарлық-материалдық құндылықтарға келтірілген залал өтеледі.
Сақтандыру аумағы базар (жәрмеңке), шатыр, дүңгіршек және т.б. болып табылмайды, онда тәулік бойы күзет немесе күзет дабылы бар, өрт сөндіру құралдары жарамды, барлық есіктерге ойықты немесе магнитті құлыптар орнатылған, барлық сыртқы есіктер жұмыс істемейтін уақытта құлыпталады, өрт қадағалау органдарының орындалмаған нұсқамалары жоқ.